$ 494.87  520.65  4.91

Алматы әкімдігі: Терезеден секіріп кеткен келіншек әлеуметтік көмек сұрамады

Марқұм мен оның күйеуі Нұрсұлтан Оразов жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрмаған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы жақында терезеден секіріп кеткен әйелдің әлеуметтік көмек сұрағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы отбасының Шымкентте тіркелгенін және әлеуметтік көмекті сол жақтан алғаны туралы мәлімдеді. Марқұм мен оның күйеуі Нұрсұлтан Оразов жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрмаған. 

"Ақпараттар Шымкент қаласының базасында сақталғандықтан, қандай көмек алғаны туралы білмейміз. Алматыдағы пәтерді тамыз айынан бастап жалға алған. Мұнда әлеуметтік көмек алу үшін уақытша немесе тұрақты тіркеуі болуы тиіс. Біздегі мәліметтерге сәйкес олар Алматыда тіркелмеген және орталыққа көмек сұрап келмеген. Соңғы рет Шымкентте өтініш білдірген", - деді Данияр Әлкебайұлы. 

Ол отбасының қалаға тек тамыз айында көшіп келгенін де қосып өтті. Алайда марқұмның күйеуі Алматыда 6 жыл тұрғанын айтқан. 

"Ақпараттар базасында олардың Шымкентте тіркелгені көрсетіліп тұр. Бізде мәліметтер көрінбейді, тек көмек сұрап келгені туралы деректер бар, бірақ әрі қарай көре алмаймын", - деп түсіндірді Әлкебайұлы. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары