$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында жүкті келіншек терезеден секіріп кетпек болды

Әйелді жедел жәрдем қызметкерлері құтқарып қалды.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қаскеленде 41 жастағы жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Оқиға орнындағы суреттер әлеуметтік желілерде таралып кетті. Қаскелен перинаталдық орталығының 41 жастағы науқасы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйелді жедел жәрдем қызметкерлері құтқарып қалды.

Белгілі болғандай, полицейлер бұған дейін Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге апару) бойынша қылмыстық іс қозғап, тексеру ұйымдастырған.

"Расында, бұл оқиға 24 қазан күні Қаскелендегі перзентханада орын алған. Барлық мән-жай мен себептер тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары