Жаркент қаласында 21 жастағы жігіт ағасын балғамен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жаркент қаласы Панфилов аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы ақпаратты растап, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша фактіні сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Ал жәбірленушінің інісі аудандық полиция қызметкерлеріне кінәсін мойындап, қылмысын мойындаған.
«21 жастағы жігіт ата-анасымен және екі ағасымен бірге тұрған. Бір күн бұрын күзетші болып жұмыс істейтін әкесі анасымен бірге түнгі кезекшілікке кеткен. Түнде ол ұйықтап жатқанда, өзін қонақтан мас болып оралған үлкен ағасының оятқанын айтты.
Ағайындылар арасында жанжал туындап, үлкені кішісін «бос жүресің» деп айыптаған. Артынша мастығынан айықпаған қалпы үйдегі компьютерді сындырып тастаған. Ағасының ұйықтап кеткенін күткен інісі қатты ашумен оның басынан бірнеше рет балғамен ұрған. Ауыр соққыдан ағасы бірден өліп кеткен», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.