$ 448.89  477.93  4.76

Алматыда қасиетті Құранды қорлаған қыз бен жігіт ұсталды

Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг кезінде әшкере болған бойжеткен халықтан кешірім сұрады.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Жас қыз бен жігіт масаң күйде құранды қолдарына алып, балағаттаған. Әйелдің әдепсіз әрекетіне қандай шара қолдану керектігін енді имамдар шешпек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy..

 23 жастағы қыз мұсылман жамағатының ашуын туғызған әдепсіз әрекетін видеоға түсірген соң,  өзінің әлеуметтік парақшасына да жүктеген. Кадр сыртындағы жігіт қызбен бірге құранды қорлап, әзілдескен. 

"Тексеру іс-шаралары барысында түсірілімнің қатысушылары анықталды. Бұл – бұрын Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1998 жылы туған Т. есімді азаматша, сондай-ақ, 1996 жылы туған Л. есімді азамат. Олардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 490-бабы 2-бөлімі (Сенушілердің сезімін қорлау) бойынша квалификацияланған. Өндірістік материал шешім қабылдау үшін қалалық Дін істері басқармасына жіберілетін болады", – деді Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Мәулен Қасымжан.

Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг кезінде әшкере болған келіншек халықтан кешірім сұрады. 

"Кішігірім отырыс болды, біз алкогольдік ішімдік іштік. Нәтижесінде ішімдікке мас күйімде ойланбай әрекет жасадым. Қасиетті Құран кітабын қолыма алып, парақшама видео түсірдім. Мен өз кінәмді білемін. Бүкіл жамағаттан, әсіресе мұсылмандардан кешірім сұрағым келеді. Мен сіздердің діндеріңізді қатты құрметтеймін. Бұл енді ешқашан қайталанбайды. Шын жүректен кешірім сұраймын", – деді, Т. есімді азаматша.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары