$ 494.87  520.65  4.91

Биыл 700-ге жуық медицина қызметкері шетелге кеткен

Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 1,2 есеге жоғары.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы айтты. Одан бөлек шетелге кеткен медицина қызметкерлерінің санын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Биылғы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің білім және ғылым ұйымдарының түлектерін жеке бөлу жөніндегі комиссиясының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі шешімімен жас мамандардың келуі 95%-ды құрады (3160-тың 2996, оның ішінде қала – 2390 адам, ауыл – 606 адам)", – деп жазды Алексей Цой депутаттық сауалға берген жауабында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, тәжірибелік денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес, 2021 жылға мемлекеттік білім беру тапсырысымен  4725 орын берілді, оның ішінде бакалавриатқа 2700, резидентураға 1500, магистратураға 365, докторантураға 160 орын берілді”, – деді министр.

"2021 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында сыртқа кеткен медицина қызметкерінің саны 699 адамды құрады, 227 медицина қызметкері елге келді (ауыстыру деңгейі 32%). Медициналық кадрлардың шетелге ауысу қарқыны (699 адам) өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 1,2 есеге жоғары (өткен жылғы көрсеткіш 561 адам)”, - деп түйіндеді сөзін Цой.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары