$ 494.87  520.65  4.91

13 облыста дауылды ескерту жарияланды

Азаматтарды ауа-райының өзгеруін қадағалауға шақырамыз.

Еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды. Қазгидрометтің хабарлауынша, 25 қарашада келесі өңірлерде дауылды ескерту жарияланды: 

Нұр-Сұлтан қаласында 15-20 м/с жылдамдықта, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Шымкентте жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с болады. 

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ болып, жел соғады. Облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. 

 Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашынды болады (жаңбыр қарға ауысады). 26-27 қарашада облыстың солтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. 

Батыс Қазақстан облысында облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болып көктайғақтанады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыс орталығында жел екпіні 23 м/с-кежетеді. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, солтүстікте және облыс орталығында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жел күшейеді. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады, жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Таулы аймақтарда жел екпіні 23-28 м/с болады. "Жауын-шашын мен аязға байланысты көктайғақ болады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары болуы мүмкін. Азаматтарға мұзда тайғақ емес табаны бар аяқ киім киюге кеңес беріледі. Сақ болыңыздар", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар министрлігі көлік жүргізушілерінен жолдарда абай болып, төмен жылдамдықты сақтап, сақ болуды сұрайды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолды кесіп өткенде ерекше сақ болуға кеңес беріледі. "Азаматтарды ауа-райының өзгеруін қадағалауға шақырамыз. 

Дауылды ескерту туралы хабарламаларды елеусіз қалдырмаңыз және қажетті сақтық шараларын қолданыңыз. Үйде болыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды сақтандырыңыз", - деп қорытындылады ТЖМ.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары