Жаңалықтар 26.11.2021 сағат 03:39

Елімізде байлық салығы енгізілуі мүмкін

Келесі жылы заң жобасын енгізуді жоспарлап отырмыз.
Елімізде байлық салығы енгізілуі мүмкін
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанда байлық салығы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Сенат Отырысында Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев Үкіметтің 2022 жылы байлық салығына байланысты заң жобасын әзірлеу жоспарымен бөлісті.  Сенат отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы байлық салығы туралы мәселені көтерді.

- "Президент 2019 жылғы Жолдауында жалпы ішкі өнім мен халық табысының өсуіне қарамастан, қоғамда мүлікті жіктеу процесі сақталып отырғанын, бұл алаңдатарлық фактор болып табылатынын, сондықтан оған ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Расында да, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық өсіп келеді. Осыған байланысты байлыққа арнайы салық енгізу өте өзекті мәселе деп есептеймін. Бұл қымбат элиталық жылжымайтын мүлік, ұшақтар, яхталар, қымбат автомобильдер, зергерлік бұйымдар сияқты сәнді заттарға салық салудың әділ жүйесін жасайды деп ойлаймын", - деді сенатор.

Марат Сұлтанғазиев бұл мәселе келесі жылы қаралатынын айтты.

- "Келесі жылы заң жобасын енгізуді жоспарлап отырмыз, оның аясында, бизнес-қоғамдастықпен бірлесе отырып, талқылаулар болады. Әзірге ондай салық жоқ, біз оны есептейміз. Егер дұрыстап қарасақ, күнделікті әрекет ететін акциздің өзі де байлыққа салынатын салық болып табылады. Оларға сәнді тауарлар - темекі, алкоголь, жанар-жағармай жатады. Немесе бізде мүлік салығы бойынша салық салудың прогрессивті шкаласы бар. Мүлік неғұрлым қымбат болса, соғұрлым ставка жоғары болады. Бұлар да байлық салығының элементтері деп түсіндірді", - Сұлтанғазиев Сенат отырысынан кейін.

Ол халықтың қай бөлігі зардап шегетіні туралы әлі жеткілікті зерттеулер жүргізілмегенін айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар