26.11.2021, 10:20

Сәтсіз қалжың: Мәскеуде такси көлігін айдап әкеткен қазақстандық блогерлер жауапқа тартылды

Фото: ашық дереккөз
Согт оларды 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Мәскеудегі преснен соты блогерлер Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов, Ерсін Дүмшебайды 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот шешімімен айыпталушылар 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айырылды және сот залында қамауға алынды", - делінген Мәскеу прокуратурасының хабарламасында. 

Оқиға наурыз айында болған. Үш блогер Преснен жағалауына бизнес-класындағы такси шақырып, пранк жасамақшы болған. BMW жүргізушісі жолаушылардың өтінішімен заттарды жүксалғышқа салып жатқанда, блогерлердің біреуі рөлге отырып, көлікті ұрлап кеткен. Олар мұның барлығын видеоға түсіріп алған. 

Кейінірек кінәлілер жүргізушіге келіп, жағдайды түсіндірген. Алайда полицияда көлік ұрлау бабымен қылмыстық іс қозғалып, жас жігіттер қамауға алынған еді.