$ 494.87  520.65  4.91

50 жыл бұрынғы ұрлығы үшін бір тәулікке сотталды

Тергеу кезінде Томас Гэвин ескі мылтықты 1971 жылы Вэлли-Фордж ұлттық музейінен ұрлап алғанын мойындаған
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Пенсильвания штатының соты 78 жастағы Томас Гэвинді АҚШ революциялық соғысы кезіндегі көне қаруды ұрлағаны үшін 1 тәулікке түрмеге қамауға үкім шығарды. Ол бірнеше жәдігерді сатпақ болған кезде қолға түскен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Тергеу кезінде Томас Гэвин ескі мылтықты 1971 жылы Вэлли-Фордж ұлттық музейінен ұрлап алғанын мойындаған, деп мәлімдейді ВВС агенттігі.

Қару 1775 жылы жасалған. Christian Oerter деп аталатын көне мылтықтың қара базардағы құны 175 мың доллар тұрады.

Сот Гэвинге 3 жылға дейін құқық қорғау қызметінің бақылауында болып, 1 жыл бойы үйінен аттап шықпауға үкім кесті. 50 жыл бұрынғы қылмысын мойындағаны үшін бір тәулікке түрмеге кесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары