Пенсильвания штатының соты 78 жастағы Томас Гэвинді АҚШ революциялық соғысы кезіндегі көне қаруды ұрлағаны үшін 1 тәулікке түрмеге қамауға үкім шығарды. Ол бірнеше жәдігерді сатпақ болған кезде қолға түскен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Тергеу кезінде Томас Гэвин ескі мылтықты 1971 жылы Вэлли-Фордж ұлттық музейінен ұрлап алғанын мойындаған, деп мәлімдейді ВВС агенттігі.
Қару 1775 жылы жасалған. Christian Oerter деп аталатын көне мылтықтың қара базардағы құны 175 мың доллар тұрады.
Сот Гэвинге 3 жылға дейін құқық қорғау қызметінің бақылауында болып, 1 жыл бойы үйінен аттап шықпауға үкім кесті. 50 жыл бұрынғы қылмысын мойындағаны үшін бір тәулікке түрмеге кесті.