$ 494.87  520.65  4.91

Арон Атабектің қызы: Әкем 1980 жылы қалай өлетінін білген

Сараптама біздің барлық сұрақтарымызға жауап береді, күмәнімізді сейілтеді деген соңғы үміт қалды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Кеше қоғам белсендісі Арон Атабек дүниеден озды. Әкесінің өліміне байланысты оның қызы Айдана Айдархан Facebook парақшасында пікір білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

"Қош бол Әке!

Міне, сіздің пайғамбарлық өлеңіңіз:

Гортань моя умрёт Для звуков Родины,

Речь моих предков уйдёт,

Как в пески воды,

Я - бессмертия быль Я звучал на семитском,

этрусском, Я - тюркских наречий пыль,

Пишу на русском.

Искорёженных жизней рок

Бродит во мне, стеная,

Сам я - обнажённых нервов клубок,

Пульсирующий стихами.

Мен әкем Арон Атабекті тірідей соңғы рет 10 күннен сәл астам уақыт бұрын 13 қарашада көрдім. «Сұңқар» емханасына бір-ақ рет түстім. Ол кезде менің барлық сұрақтарыма жауап берілмеді. Ал бірер сағат бұрын әкем қайтыс болды. Біз оның біреудің үйінде, ауруханада нақты неден «емделгенін» білмедік. Сараптама біздің барлық сұрақтарымызға жауап береді, күмәнімізді сейілтеді деген соңғы үміт қалды. Барлық заңды процедуралар орындалады деп үміттенеміз. Әкем өзінің қалай өлетінін сонау 1980 жылдары дәл болжаған екен.

«Сұңқар» емханасында оның сөйлеу қабілеті тоқтатылды: тамағында тесік бар, тыныс алатын түтік бар. Бұған дейін Ақынның қолы жазылмай қалсын деп алып кеткен. Халқына бара алмайтындай аяқтары. Өлеңдері, диссиденттік шығармалары – көзі тірісінде өзіне арнап салған ескерткіші" - деп жазды Айдана Айдархан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арон Атабек