$ 446.49  475.38  4.79

Головкин орта салмақтың «королі» атанды

Геннадийдің түйіндемесінде тек бір жеңіліс бар, бірақ заманауи спорт тұлғалары туралы айтар болсақ, орта салмақтағы қазақстандық боксшы – бүгінгі күннің бас кейіпкері.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Givemesport.com сайты барлық салмақ дәрежесі бойынша қазіргі аты әйгілі боксшыларға арналған материал шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.  

Сайт материалында орта салмақ дәрежесінің гегемоны болып IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдарының иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) танылды.

«Орта салмақтағы дивизионның өз көшбасшысы бар, ол Геннадий Головкин. Бокс жанкүйерлерінің тынысын тарылтып «Канеломен» үшінші жекпе-жегін күтіп жүргенде, GGG орта салмақтағы көшбасшылықты қарсыластарына тигізген темір жұдырығымен иеленіп отыр. Геннадийдің түйіндемесінде тек бір жеңіліс бар, бірақ заманауи спорт тұлғалары туралы айтар болсақ, орта салмақтағы қазақстандық боксшы – бүгінгі күннің бас кейіпкері», - делінген мақалада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары