$ 449.3  489.69  4.89

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды

5 ақпанда Лас-Вегастағы турнирде өтетіні хабарланған.

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов мозамбиктік Карлстон Харриске қарсы UFC-дегі кезекті жекпе-жегі өтетін орынды хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл ақпаратты спортшы Instagram парақшасындағы "Stories" бөлімінде жариялады.

Онда алдағы жекпе-жектің 2022 жылдың 5 ақпанында Лас-Вегастағы турнирде өтетіні хабарланған.

Бұған дейін тараптар өзара келісімшартқа қол қойған еді.

Айта кетейік, Шавкат үшін алдағы кездесу UFC-дегі үшінші жекпе-жек болмақ, алдыңғы екеуінде ол бразилиялық спортшылар Алекс Оливейра мен Мишель Празеристі мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шавкат Рахмонов журналист Игорь Лазоринге берген сұхбатында қанша тіл білетінін айтты, сонымен қатар өзін қазақ тілінде таза сөйлемегені үшін сынға алатын жанкүйерлеріне жауап берген еді.

Одан бөлек, спортшы өзінің ұлтына қатысты қойылатын сауалдарға да жауап берген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары