$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда итін аяусыз ұрған ер адам көпшілік алдында кешірім сұрады (ВИДЕО)

Полицейлердің мәліметінше, ит иесінен тәркіленіп, Retrivery Help Almaty қорына өткізілген.

Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook желісіндегі парақшасында итті аяусыз ұрған ер адамның кешірім сұраған видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі.


Рустам Әбдірахманов 1999 жылы туған Жарғын Сұңқар жануарға қатыгездік көрсеткені үшін ұсталғанын атап өтті. Алматы қалалық ДП басшысының орынбасары кешірім сұрау құқық бұзушыларды жауапкершіліктен босатпайтынын түсіндірді.

"Бүгін, 26 қарашада Instagram және Facebook желісіндегі жарияланымға (ит ұрып-соққан видео – Ескерту) белгіледі. Бұл жарияланым азаматтар арасында үлкен резонанс тудырды. Бұзушылықтар көпшілікке мәлім болған және азаматтардың наразылығын тудырған жағдайларда, кінәлілер жұртшылық алдында кешірім сұрайды. Кешірім жарияланғаннан кейін тергеу жалғасады және құқық бұзушылар ҚР заңдарына сәйкес жаза алады", - деп жазды Рустам Абдрахманов.


Полицейлердің мәліметінше, ит иесінен тәркіленіп, Retrivery Help Almaty қорына өткізілген.

Қордың үйлестірушісі Инесса Владимировна әлеуметтік желідегі парақшасында иттің артқы аяғын ақсап басатынын жазды. Болашақта жануармен кинолог жұмыс істейді, содан кейін ит жақсы адамдарға беріледі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары