$ 494.87  520.65  4.91

Колледж студенттері оқытушысын ұрып-соққан адамды жазасыз қалдырмауды сұрайды

Оқытушы әйел слесарьдің өзіне ешқандай жақын адам емес екенін айтып отыр. Оны тек жұмыс бойынша шақыртқан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қостанай жоғары медициналық колледждің мұғалімі Наталья Жоламанова соққыға жығылып, бірнеше күн жансақтау бөлімшесінде жатып шықты. Оны жәбірлеген тұрғын әлі бостандықта жүр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Наталья Жоламанова биыл мамыр айында өз үйінде таяқ жеді. Қызмет көрсетуге келген жұмысшы К.Сорокин әйелге қысым жасап, оны бетінен үш рет ұрған. Жәбірленуші дереу полицияға қоңырау соғады.

Оқытушы әйел слесарьдің өзіне ешқандай жақын адам емес екенін айтып отыр. Оны тек жұмыс бойынша шақыртқан.

Учаскелік инспектор пәтерде жәбірленушімен сөйлесіп жатқанда, Сорокин кірберісте Натальяның қызын кездестіріп, онымен де жанжалдасады. Шуды естіген Наталья мен учаскелік полицей сыртқа шығады.

Бірінші қабатта тұрамын, біз тез жүгірдік. Учаскелік полицей Ысқақов екеуін тыныштандыра бергенде Сорокин осы сәтті пайдаланып, мені итеріп жіберді. Жертөлеге қарай ұшып түстім,- дейді Наталья.

Қатты құлағаннан миына қан құйылып, жағы сынған. Ерні жыртылып, алдыңғы тістері зақымданады. Арада алты ай өтсе де, жәбірленуші әлі қалпына келе қоймады. Ал слесарь Сорокин тіпті әкімшілік жазаға тартылмаған.

Бұған колледж студенттері шыдай алмай, "НеМолчи.kz" ұйымына хат жазды.

"Тергеуші Сәрсенбаев бұл істе әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жоқ деп, істі жауып тастаған. Іске қатысты суреттер мен бейнематериалдар тіркелген жоқ. Наталья Федоровна ауруханада бір ай жатып, ұзақ уақыт емделді. Біз бұл іс туралы жоғары жақтағылардың білгенін қалаймыз. Құқық қорғау органдарының кінәлі және жұмысына салғырт қараған қызметкерлері жазалануы керек", — делінген хатта.

Істі қайта қарау үшін Наталья Жоламанова да адвокатымен бірлесіп прокуратураға хат жазды. Содан кейін іс қайта қозғала бастаған.

Іс қайта қолға алынды, бірақ қылмыстық іс бойынша ол айыпталушы ретінде емес, куәгер деп есептеліп жүр. Тергеуші оқиғаны мүлдем басқа арнаға бұрып жіберді, - дейді жәбірленуші.

Қазір әйел тергеудің аяқталуын күтіп жүр. Сорокин тиесілі жазаға тартылады үміттенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары