27 қарашада жел, көктайғақ пен тұманға байланысты Қазақстанның 11 облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.
Түнде және таңертең 27 қарашада Ақтөбе облысының орталығында тұман күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде және шығысында жел солтүстік-батыстан соғады, күші секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады: 27 қарашада секундына 17-22 метр, 28 қарашада секундына 23-28 метр. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр, күндіз 25 қарашада, тәулік бойы 26-27 қарашада екпіні секундына 23-28 метр болатын жел тұрады. Таразда тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман болуы мүмкін.
Қарағанды облысының шығысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-шығысында секундына 15-20 метр болады.
Қызылорда облысының орталығында, 27-28 қарашада облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде секундына 15-20 метр болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метр болатын жел тұрады.
27 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. Шығыстан жел соғады, 27 қарашада күндіз таулы аудандарында күші секундына 15-20 метр болады.