$ 449.3  489.69  4.89

Алматыдағы көшкін жер үйлердің аумағын басып қалды

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Талғат Бигелдинов көшесінде болған көшкін жеке үйлердің аумағына дейін жеткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматыда көшкін болып, Көктөбе жақтағы шығыс айналма жол маңындағы бірқатар үйлерге залал келді, деп хабарлайды деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Талғат Бигелдинов көшесінде болған көшкін жеке үйлердің аумағына дейін жеткен.

Аталған оқиға туралы хабарламаны әлеуметтік желі қолданушыларының бірі салған. "Тауда көшкін болып, Бигелдиновтегі үйлерге қарай құлады. Тұрғындар қайда баруы керек? Осыдан кейін не істеуі тиіс? Қазір олар қиын жағдайға тап болды", — деп жазба қалдырған.

Ал қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері көшкін кезінде адам шығыны болмағанын, сонымен бірге зардап шеккендер де жоқ екенін хабарлады. Ал келген материалдық шығын есептеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары