$ 510.08  539.61  5.15

Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандары жазасын өтеген 4 лагерьдің орны табылды

Бұл жерлерді құрбандарды ақтау мақсатында құрылған өңірлік жұмыс тобы анықтады
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандары жазасын өтеген 4 бірдей лагерьдің орны табылды. Төртеуі де  Зеренді ауданының аумағында орналасқан, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Бұрын-соңды беймәлім болған бұл жерлерді құрбандарды ақтау мақсатында құрылған өңірлік жұмыс тобы анықтады. Қуғын-сүргін құрбандары қамауда болған лагерьлердің бірі Үлгілі ауылының маңында орналасыпты. Тарихшылар бұл жерді бір жыл бойы зерттеді. Мұнда тіпті сотталғандарды күзеткен офицерлердің де зираты бар екен.

«Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, бұл лагерь 1936 жылдан бастап 1952-1953 жылдарға дейін жұмыс істеген. 2 мыңға жуық адам сотталған. Негізінен бұл жерде сотталғандар саяси тұтқындар, мұғалімдер де болған, бірін бірі көрсеткен ауыл председательдері, бір уыс бидай үшін сотталғандар да осы жерде отырған көрінеді», – дейді Зеренді аудандық мемлекеттік мұрағат директоры Тілеген Сейфуллин.

 Зерттеушілер бұл араға арнайы белгі орнатып, құрбандарға Құран бағыштады. Ендігі мақсат лагерь орнына ескерткіш қойып, мұнда болғандардың тізімін анықтау.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыс тобының отырысына тарихшылардан бөлек ауыл ақсақалдары да қатысып, көрген-білгендерін ортаға салды. 

Ал қалған лагерьлердің орны Баратай, Симферополь және Приречный ауылдарының маңында орналасқан. Енді олардың бәрі жан-жақты зерттеліп, тарихи жерлерге туристік бағыт та ашылады. Тарихшылар мұндай түрмелер Біржан сал ауданының аумағында да болуы мүмкін деген болжам айтып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары