Жаңалықтар 29.11.2021 сағат 10:00

«Короновирустан айыққандарға «омикрон» штамының қаупі жоғары» - ДДСҰ

"Омикрон" Еуропаның бірнеше елінде - Германия, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Нидерланды және Бельгияда анықталды.
«Короновирустан айыққандарға «омикрон» штамының қаупі жоғары» - ДДСҰ
Фото: novostivl.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұрын короновируспен ауырған адамдарда "омикрон" штамын жұқтыру қаупі жоғары екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ДДСҰ нақты ақпарат алдағы күндері нақтыланатынын айтты. Ұйым қазіргі уақытта қолданылатын ПТР тестілері инфекцияның жаңа штамынн анықтай алатындығын растады.

Бұған дейін ДДСҰ "омикрон" штамының жеткілікті деңгейде зерттелмегенін оның "дельта" штамынан қауіпті болуы мүмкін деген қорытынды жасауға әлі ерте екенін ескерткен. Сонымен бірге, ДДСҰ вакцина өлім-жітім мен аурудың азайуына айтарлықтай ықпал ететінін еске салғңан болатын.

Бұған дейін Африканың оңтүстігінде коронавирустың жаңа штамы B. 1.1.529 ("омикрон") табылған еді, ол "өте көп мутацияға түскен". 26 қарашада ДДСҰ коронавирустың жаңа, қатты мутацияланған нұсқасының ашылғанын ресми түрде жариялады.

"Омикрон" Еуропаның бірнеше елінде - Германия, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Нидерланды және Бельгияда анықталды. Сондай-ақ, Гонконг, Израиль және Аустралияда вирустың осы нұсқасы тіркелгені хабарланды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар