Атырау облысы Жылыой ауданында әйел мысықтарды өлтіріп, үйінің балконына асып қойған, деп хабарлайды Stan.kz.
Полиция мәліметінше, Атырау тұрғын мысықтарды даладан ұстап әкеліп, өлтіріп, денелерін балконға асып қойған. Мұны көрген қала тұрғындары шошып, полицияға хабарласқан. Куәгерлердің айтуынша, әйел мұндай әрекетке бірнеше рет барған.
Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 316-бабы (“Жануарларға қатыгездiк жасау”) бойынша қылмыстық іс қозғады. Әйелдің не үшін осындай қылмысқа барғаны белгісіз.
Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Сонымен қатар бұл бап бойынша 120 АЕК (2021 жылы 350 040 теңге) көлемінде айыппұл немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған.