Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы Қазақстанның және оның көшбасшысының тәуелсіздік алғаннан бергі ішкі және сыртқы саясатының заңды жалғасы болды. Қазақстан бастапқыда бейбітшілік, толеранттылық және сындарлы диалог мұраттарына берілген заманауи, зайырлы мемлекет құру бағытын ұстанды.
Ол сол кезеңдерде ешбір аналогы жоқ азаматтық қоғамның принципті жаңа институты ретінде құрылды. Ішкі саяси тұрақтылық, көптеген этностардың өзара сенімі мен құрметі, діни татулық мемлекеттің басымдықтарына айналды.
Ассамблея дегенде еске түсетіні – этностар бірлігі. Бір шаңырақ астына топтасқан түрлі мәдениет пен дәстүр-салт. Бір-бірінің ұлттық құндылықтарын қастерлеген, әдет-ғұрпын құрметтеген ұлыстар бірлігі.
Жапондық Акира Такегучи Стамбул алаңдарының бірінде домбырада шебер ойнай алатын жас талант. Оның тұрақты жанкүйерлері мен тыңдармандары да бар. Музыканттың концерттеріне ондаған адам жиналып, қазақтың ұлттық аспабының үнін елітіп тыңдайды.
Акира Такегучи - кәсіби музыкант. Ол әртүрлі ішекті аспаптарда ойнап көрген екен. Бірақ домбыраны таңдаған. Домбыраны ол Стамбулдағы досына қонаққа барғанда көрген. Осыдан кейін Ақира қазақтың ұлттық аспабынан бір сәт ажырамаған. Музыкант домбыра тарту техникасын аз ғана уақыттың ішінде меңгеріп алады. Бүгінгі таңда Акираның репертуарында әйгілі «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Күйіл толқыны», «Ерке сылым» және т.б. күйлер бар.
Ал Акираға домбыраны көрсеткен досы - Түркиядағы ноғай диаспорасының өкілі Акдениз Ербаш.
«Мен Акира туралы алғаш интернет арқылы білдім. Оның өнеріне тәнті болдым. Кейін Акира Түркияға келгісі келетінін айтты. Мен оны Анкараға шақырдым. Сөйтіп менің үйіме жапон досым келді. Сосын алдымен төр үйде қабырғада ілулі тұрған домбыраны көрді. Ол музыкалық аспапқа қызығушылық танытты. Мен оған қалай ойнау керектігін көрсеттім. Осы кездесуден кейін Акира домбыраға қатты қызыға бастады», -дейді ол.
Домбыра – тұтас бір философия, дейді күйші. Аспапта екі ішек қана болғанымен, дыбыс палитрасы өте бай. Домбыраның көмегімен табиғаттың барлық дыбыстары мен адам сезімдерін: ағыстың дыбысын, желдің ызыңын, күннің күркіреуін, жаудың қаһарын, сондай-ақ ғашықтардың сезімін беруге болады. Жапон орындауындағы қазақ домбырасының үні Түркияның Стамбул көшелерінен естіліп тұрады.
«Музыка – жан азығы. Жапонияда жұмыспен қамту деңгейі күн санап қарқын алып келеді. Сол себепті адамдардың рухани жетілуге уақыты аз. Күнделікті күйбең тірлікте жапондықтар өмірдің осылай жалғасып жатқанын байқамайды. Мен өзімді табу үшін әлемді аралай бастадым. Маған Түркия ұнады. Осы жерден музыкалық білімімді жетілдіре отырып, домбыраны таптым. Қазақтың ұлттық аспабы қарапайым. Мен аспапта ойнауды тез үйреніп, Таксим алаңында өнер көрсете бастадым. Онда мен сияқты музыканттар көп. Бірақ олардың ешқайсысы домбыра шертпейді. Бұл алаңда домбыра мені ерекше етті, - дейді домбырашы Акира Такегучи.
Айта кету керек, коронавирустық пандемия Акираның шығармашылығына да әсер етпей қоймады. Музыкант көрермендерін қуантқан саябақтар, алаңдар мен қоғамдық орындар карантинге жабылды. Музыкант домбырада ойнау арқылы адамдарға қуаныш сыйлап, рухани ләззат аламын дейді.
«Домбыра – тамаша әңгімеші және кеңесші. Оның жаны мен мінезі бар», дейді Акира. Бүгінде музыкант Түркиядағы қазақ диаспорасы арасында танымал. Домбыра виртуозы әр түрлі іс-шараларға жиі шақырылып, баршаны шығармашылығымен қуантып жүр.