$ 494.87  520.65  4.91

Қаржылық пирамида белгілері бар тағы бір компания анықталды

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Ақтөбе облысында қаржылық пирамида белгілері бар компания анықталды. Олар өздерін "Crowd 1" халықаралық желілік ұйым ретінде таныстырып келген, деп хабарлайды Stan.kz. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, халықаралық желілік ұйым ретінде таныстырған пирамида ұйымдастырушылары тұрғындарға виртуалды жылжымайтын мүлікке инвестиция жасауды ұсынған. 

"Тергеу нәтижесінде бағасы 99 еуродан 2 499 еуроға дейінгі ақ, қара, алтын түстес, титан деп аталатын пакет түрлері бар екені анықталды. Осылайша ұйымдастырушылар компанияға құйылған қаржыны бірнеше есе етіп қайтарып алуға уәде берген", - деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз қызметінде.

Қазір Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары