$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда баланы спорттың 71 түрі бойынша тегін секцияға жазуға болады

Бұл мақсатқа 1,5 миллиард теңге бөлінді, барлығы 40 мыңға жуық баланы қамту жоспарлануда.

Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирі кезінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлағандай, тегін сабақтармен 40 мыңға жуық баланы қамту жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы әкімдігі биылдан бастап балалардың спорт секцияларындағы сабақтарына ақы төлейтін болады. Бұл мақсатқа 1,5 миллиард теңге бөлінді, барлығы 40 мыңға жуық баланы қамту жоспарлануда.Оның үстіне, баланың қалауы бойынша спорт түрін таңдауға болады.

Бұл мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу арқасында мүмкін болды.
Тегін секцияларға 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қатыса алады және 71 спорт түрінің бірін таңдауға болады. Үйден шықпай-ақ, платформа арқылы ең қолайлы секцияны artsport.edu.kz. платформасы арқылы таңдауға болады. Мұны ата-аналардың өздері сайтқа тіркелу арқылы жасай алады. 

Қазіргі кезде 24 мың өтініш берушіге тегін сабақтарға ваучерлер берілді, 26 спорт түрі бойынша 18 630 бала сабақты бстады. Ең көп сұранысқа ие футбол, таеквондо, каратэ, жүзу және дзюдо секциялары.

Айта кетерлігі, бүгінде секциялардағы сабақтар үшін мемлекет тарапынан жалпы сомасы 141 млн теңге төленді. Өңірлер арасында Алматы бөлінген қаржы бойынша бірінші орынды иеленген және нақтылы айналысатындар жөнінде де бірінші орында. 

Айта кетерлігі, Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада спортпен айналысу үшін инфрақұрылым белсенді дамуда.

Қалада 3 400-ге жуық спорт нысандары, оның ішінде 12 стадион, спорт сарайы, 14 спорт кешені және 12 спорт ғимараты жұмыс істейді. Сондай-ақ, мегаполисте құрама командалардың 5 оқу-жаттығу орталығы, 3 шаңғы базасы, 12 ату тирі, атыс алаңы, велотрек, секіруге арналған трамплин, 6 хоккей корты, конькимен жүгіру стадионы, 2 671 тегіс ғимарат, 102 теннис корты, ипподром, 10 спорт манежі, 51 бассейн, 483 спорт залы, 12 кіріктірілген спорт залы бар.

Алматыдағы жабық спорт нысандарының алаңы 81 503 шаршы метрді құрайды. Оларды ұлғайту үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен қаланың шетінде жалпы ауданы 38 мың шаршы метр 6 денешынықтыру-сауықтыру кешені мен теннис орталығы салынуда. Оның жалпы өткізу қабілеті тәулігіне 5 250 адамды құрайды, спорт секцияларының саны – 150.
Қазіргі кезде бюджеттен тыс қаржы есебінен бес жаңа спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде ДСК, үстел теннисі орталығы, күрес кешені. Бұдан басқа, теннис орталығының құрылысы аяқталды. Спорттың 15 түрі бойынша 70-тен астам спорт секциялары ашылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы