De Montfort University Kazakhstan-ның ресми ашылуы аясында Алматы экономикасын диверсификациялау аясында креативті индустрияларды дамыту перспективаларын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кездесу ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың, Ұлыбританияның халықаралық сауда министрі Ранил Джаяварденнің, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личтің қатысуымен өтті. Сондай-ақ талқылауға ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Ш. Каринова, Орталық Азия бойынша British Council, DMU Лестер, EdPeritus UK Ltd және Алматы креативті индустрия кеңесінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға арнаған сөзінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е. Тоғжанов креативті индустриялар жаңа технологиялардың, салалардың негізгі көзі және экономикалық өсудің драйвері ретінде ықпал ететінін атап өтті.
«Сала бірінші кезекте талантты жастар үшін жаңа жоғары табысты жұмыс орындарын құруды, олар үшін мүлдем жаңа «әлеуметтік лифтілерді» қалыптастырады», - деп атап өтті Е. Тоғжанов.
Қазақстанда соңғы 10 жылда креативті индустрия саласындағы инвестициялар көлемі 4 еседен астам ұлғайды. Бұл салада еліміздің барлық жұмыспен қамтылған халқының 3,5%-ы немесе 310 мың қазақстандық жұмыс істейді. Бүгінгі таңда креативті индустриялардың Қазақстан экономикасына үлесі 2,7%-ды құрайды.
«Прогрессивті әлемдік практика негізінде осы саланың әлеуетін дамыту мақсатында Үкімет сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, креативті индустрияларды дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуде. Креативті индустрияны дамыту бойынша мемлекеттің бірыңғай көзқарасы қалыптасады және оны дамыту бойынша жаңа тәсілдер айқындалады», - деді Е. Тоғжанов дөңгелек үстелге қатысушыларды осы құжатты әзірлеуге қатысуға шақырды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев креативті индустриялар «Алматы-2050» ұзақ мерзімді даму Стратегиясының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
«Біздің қаламызда таланттар, жастар көп, зияткерлік әлеует жоғары. Алматыда 37 жоғары оқу орны бар, оларда 182 мың студент оқиды. Бұл ретте QS World University Ranking 2020 нұсқасы бойынша алты жоғары оқу орны әлемнің 1000 үздік университеттерінің қатарына кіреді. Сондықтан АT және креативті индустриямен байланысты дәл осы салалар сұранысқа ие әрі біз қазірдің өзінде қамтамасыз етіп отырған қолдауды қажет етеді», - деді Б. Сағынтаев.
Жүргізілген талдауға сәйкес, Алматы қаласының креативті секторында 17,8 мың кәсіпорын жұмыс істейді, бұл барлық кәсіпорындардың 8,8%-ын құрайды. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 31,4 мыңға дейін (10,2%) арттыру жоспарлануда. Мұнда шамамен 44,9 мың адам жұмыс істейді. 2020 жылы қаланың креативті индустриялары кәсіпорындарынан түскен салық көлемі 37,7 млрд теңгені, ал көрсетілген қызметтер көлемі – 402,8 млрд теңгені құрады. Демек, Алматыда креативті экономиканы дамыту үшін қажетті ресурстар бар.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес креативті экономиканы дамыту үшін креативті кәсіпорындардың, университеттер мен қаланың синергиясы қамтамасыз етіледі. Даму стратегиясы 10 бағытқа – кино және анимация, әдебиет, сән, жаңа медиа және цифрлық мәдениеттер, театр, опера және балет, киберспорт және геймдеволопмент, сәулет және дизайн, музыка, қазіргі заманғы өнер, ойын-сауық индустриясына негізделген.
Іске асыру үшін қаржылық және қаржылық емес қолдау тетіктері қолданылады. Бүгінде жалпы сомасы 513 млн теңгеге 9 жоба қаржыландырылды. Almaty Finance және «Алматы МҚО» желісі бойынша ағымдағы және келесі жылдың қорытындысы бойынша креативті кәсіпкерлерді қолдауға 630 млн теңгеге дейін қаржы бөлу жоспарлануда.
Алматы – «музыка» шығармашылық бағыты бойынша ЮНЕСКО-ның креативті қалалар желісіне кіретін Орталық Азиядағы жалғыз қала. 2022 жылы зертхана резиденттері – музыканттар арасында заманауи музыка мен коллаборация арасында Open Music Lab музыкалық зертханасын іске қосу жоспарлануда.
Қалада креативті индустриялар саласындағы алғашқы табысты инфрақұрылымдық жоба – Alatau креативті хабы қазірдің өзінде жұмыс істейді әрі күн сайын 700-ге жуық адам айналысады. Мұнда коворкинг-кеңістік, балаларға арналған 25 тегін шығармашылық үйірме, шеберлік сыныптарына арналған алаң, медиатека, ArtBi білім беру-көрме орталығы бар. Осындай орталықтар қаланың барлық аудандарында құрылуда.
Кейінірек қаланың әр ауданында креативті хабтар желісі құрылатын болады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасты, сондай-ақ Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың креативті индустрияларды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды сараптамалық және талдамалық сүйемелдеу жөніндегі бастамасын қолдады.