$ 448.15  483.46  4.86

Стамбулдағы құйынды дауыл: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Түркия Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сүйенсек, табиғаттың тосын мінезінен 4 адам қаза болды, 19 адам зардап шекті. Ажал құшқандар арасында шетелдік 1 азамат болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Стамбулда құйынды дауылдан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алынған ақпарат бойынша дауылды желдің беті қайтуда. Біздің азаматтар бойынша мәлімет түскен жоқ», - деді сыртқысаясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Түркия Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сүйенсек, табиғаттың тосын мінезінен 4 адам қаза болды, 19 адам зардап шекті. Ажал құшқандар арасында шетелдік 1 азамат болған.

Еске салсақ, күшті дауыл салдарынан Малтепеде және Пендикте кемелер аялдайтын айлақтар, бірнеше қайық зақымдалды, ағаштар құлады, ғимараттардың шатырлары көкке ұшты, трассаларда жүк көліктері аударылды. Бейликдюзю ауданында желдің жылдамдығы сағатына 129 шақырымды құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары