Қызылорда қаласында жедел жәрдем қызметкерлері наразылыққа шықты, деп хабарлайды Астана арнасы.
Жедел жәрдем қызметкерлері 103-тің қоңырауларын қабылдауға көшкен 112 қызметі біздің жұмысымызға нұқсан келтіруде дейді. Себебі онда медицина саласына түк қатысы жоқ адамдар отырғанын айтады.
«4 жыл медициналық колледжде оқыған, қолында дипломы бар, бірақ науқаспен жұмыс жасап көрмеген адамдар шақыру қабылдап отыр», - дейді оперативті бөлімнің аға дәрігері Ләззат Медетова.
Ал бұған жауапты басшы мәселенің рас екенін айтады. Зейнетке шыққан мамандарды қызметке алудың өзіндік себебі бар дейді.
«Қоңырау қабылдау қызметіне полиция саласынан зейнетке шыққандарды қабылдағанбыз. Өйткені біз 112 қызметінде 101, 102, 103 қоңырауларын қабылдаймыз. 2021 жылдан бастап осы біздің мекемеге 112 қызметі беріліп, бірыңғай кезекші диспетчер беріліп, қоңырауларды қабылдап, өңдеп осы уақытқа дейін жұмыс істеп келеміз», - дейді облыстық жедел әрекет ету орталығының директоры Оңдасын Өтепбеков.