Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев Сенат отырысында марқұм Арон Атабекке қатысты пікір білдірді.
– 2019 жылдан бері ол барлық медициналық қызметтерден үзілді-кесілді бас тартқан. Жазбаша түрде. Келген кезде оның жүдеп бара жатқанын көрдік. Туыстарын шақырдық, сөйлесті. Арон Атабек медициналық тексеруден өту үшін онымен қоғамдық бақылау комиссиясы сөйлесті, – деді ол.
Тағы оқыңыз: Арон Атабек қайтыс болды
inbusiness.kz мәліметінше, Аюбаев Арон Атабектің диагнозы туралы сұрақтарға дәрігерлік құпияны алға тартып, жауап бермеді.
– Ол немен ауырды, қалай ауырды, мен айта алмаймын, – деп түйіндеді ол.