$ 443.44  480.51  4.88

Көлік төбесінде тік тұрып, билеген жігіт желіде күлкіге қалды (ВИДЕО)

Қолын ары-бері сермеген ол, желі қолданушыларының да қызу талқысына түскен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматыда жүріп бара жатқан жол талғамайтын көлік төбесінде тік тұрып, қолын сермей билеген жігіттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бейнежазбаға қарап, бұл жағдай Әл-Фараби даңғылында болғанын білеуге болады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бейнежазба Instagram-дағы Almaty_kris_p парақшасында жарияланды. Видеода қара пальто киген белгісіз жігіт көлік үстінде еркін билеп бара жатқанын көруге болады. Қолын ары-бері сермеген ол, желі қолданушыларының да қызу талқысына түскен.

"Масқара, көлік кілт тоқтаса жазым болады ғой". "Үнді киноларын көп көріп қойған-ау". "Айыппұл төлеп, кешірім сұраған видеосын күтеміз". "Хайпты да осылай жасауға бола ма?", - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары