$ 494.87  520.65  4.91

«Омикрон» штамының таралуына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшіріле ме?

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамын зерттеуге біраз уақыт қажет болатынын хабарлаған болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «омикрон» штамының таралуына байланысты мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру туралы сұраққа жауап берді.

«Бұл туралы айтуға әлі ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығаруға ақпарат жеткіліксіз», – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов

Айта кетейік, ДДСҰ коронавирустың жаңа штамын зерттеуге біраз уақыт қажет болатынын хабарлаған болатын. Сарапшылардың пікірінше, «омикрон» тезірек таралуы мүмкін, вакцинаға төзімдірек және қолданыстағы ПТР-сынамалары бұл штамды тануға қабілетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#онлайн #сабақ