Жаңалықтар 02.12.2021 сағат 19:32

Өскеменде көліктен жарты миллион теңге ұрлаған оқушы камераға түсіп қалды

15 жастағы мектеп оқушысының бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасағаны және қыркүйектен бастап қалалық Полиция басқармасында есепте тұрғаны анықталды.
Өскеменде көліктен жарты миллион теңге ұрлаған оқушы камераға түсіп қалды
Фото: inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өскемен қаласында көліктен жарты млн теңге жымқырып кеткен мектеп оқушысы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 29 жастағы азамат хабарласқан. Өз сөзінде ол үйінің ауласында есігі ашық тұрған «ВАЗ» көлігінің салонынан белгісіз біреудің 510 000 теңгесін ұрлап кеткенін жеткізді. 

«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қылмыскердің саусақ іздерін алған. Сондай-ақ ұрлық жасалған сәт «Сергек» камерасына түсіп қалған. Полицейлер күдіктіні тапты. 15 жастағы мектеп оқушысының бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасағаны және қыркүйектен бастап қалалық Полиция басқармасында есепте тұрғаны анықталды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жасөспірім әжесімен бірге тұрады. Ал анасының түрмеде жазасын өтеп жатқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оқушы ШҚО білім басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. 

Жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар