Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кешен прокуратурасы мәліметінше, Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 3-бабы 160-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша "Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасы" МКК бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғауды заңды деп тапқан ("Өзінің қызметтік жағдайын қолдана отырып, кінәліге сеніп тапсырылған біреудің мүлкін иемдену, яғни ұрлау").
"Байқоңыр" кешені прокуратурасының тергеуімен 2020 жылдың желтоқсанында Байқоңыр қаласы көпсалалы ауруханасының бас дәрігері өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, өзіне сыйлықақы төлемдерін заңсыз жазу арқылы осы медициналық мекемеге тиесілі 2 миллион 500 мың теңгеден аса немесе 460 мың рубльден аса ақшаны жымқырғаны анықталды", - деді "Байқоңыр" кешені прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жасалған әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға және "Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына" келтірілген материалдық залалды өтеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
"Прокуратурада қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.