02.12.2021, 18:20

Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Фото: ашық дерекөз
Мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме 9,5% деңгейінде белгіленді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгедегі депозиттер бойынша 2022 жылдың қаңтар айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп жазды inbusiness.kz. 

"Жекелеген банктерде депозиттердің 12 және 24 айлық мерзімді және 24 айлық жинақ салымдарда айрықша шоғырлануы нарықтық мөлшерлемелерге ықпал етпес үшін ұзақ мерзімді депозиттер бойынша максималды сыйақы мөлшерлемелері желтоқсан айындағы мәндік деңгейде сақталды", – деп жазылған хабарламада. 

12 айлық жинақ салымдар бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесі 13,9% деңгейінде қалды. 

"Мақсат – олардың тартымдылығын сақтау және халықтың ұзақ мерзімді салымдарға деген қызығушылығын арттыру. Мерзімсіз депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер 9,5% деңгейінде бекітілді", – деп хабарлады қор.