Жаңалықтар 02.12.2021 сағат 22:34

Алдағы жылы 5 млн адамның табысы өседі: Президент заңға қол қойды

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңгені құрайды.
Алдағы жылы 5 млн адамның табысы өседі: Президент заңға қол қойды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңға қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қабылданған заңға сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңгені құрайды. 2021 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңгені құрады.

Бұған дейін еңбек министрлігінде хабарланғандай, ең төменгі жалақыны арттыру экономиканың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,6 миллион адамның табысының өсуін қамтамасыз етеді.

“Біріншіден, ең төменгі жалақының артуы “аз төленетін” жұмысшыларға әсер етеді. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер басқа санаттағы жұмысшылардың жалақысын да қайта қарайды”, – деп түсіндірді ведомстводағылар.

АЕК, немесе айлық есептік көрсеткіш (ол жәрдемақыларды, өсімпұлдарды, салықтарды және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады) 3063 теңгені құрайды. 2021 жылы 2917 теңге болып белгіленді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін пайдаланылады) 36 018 теңгені құрайды. Биыл 34302 теңгені құрап отыр.

Зейнетақы қалай өзгереді?

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 2022 жылы 19 450 теңге болып белгіленді. Биыл бұл көрсеткіш 18 524 теңгені құрап отыр.

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгені құрайды (2021 жылы ол 43 272 теңге).

Еңбек министрлігінің мәліметінше, өсім нәтижесінде келесі жылы мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 миллион қазақстанды азаматтың табысы артады.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар