Әлеуметтік желілерде жеке сот орындаушысы мен камуфляж киген екі ер азаматтың видеосы тарап кетті. Олардың тұрғындарды үйден күштеп шығарып жатқанын байқауға болады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Оқиға Медеу ауданында болған. Әйел адамның айтуынша, бұл жеке үй — отбасының жалғыз ғана баспанасы. Бұл үйде мүмкіндігі шектеулі екі бала тұрады.
Бұлардың әрекеті — нағыз дөрекілік! - деп айғайға басады әйел.
Алайда сот орындаушысының оның сөзіне құлақ асатын түрі жоқ.
Үй иелері, әрине, бұл әрекетке қарсылық танытады. Соңында үйді алуға келгендердің сыртқа шыққанын көруге болады.
Видеодағылар жеңіл киім киінгендіктен оқиға күн жылы уақытта түсірілген болуы мүмкін деген болжам бар.