$ 498.34  519.72  4.85

Оралда 20 жастағы сержант оққа ұшты

Ол оқиға орнында көз жұмды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Оралда 20 жастағы полиция сержанты оққа ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

"3 желтоқсандв сағат 7:40 шамасында Орал полиция басқармасы ғимаратында жауынгерлік қаруды алғаннан кейін 20 жастағы полиция сержанты өз-өзіне қол жұмсады (бекітілген табельдік қарудан оқ атқан)", - деп хабарлады полициядан.

Қызметі барысында ол өзін жақсы жағынан көрсеткен, физикалық тұрғыдан дайын болған. Жұмыс кестесін сақтаған, жұмысқа кешікпеген.

"Бұл дерек 03.12.2021 жылы СДТБТ-де тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу басталды, бұл туралы қосымша хабарланатын болады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде басқа ақпарат жария етілмейді (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Олар тек прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келсе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса)", - деп толықтырды БҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары