$ 448.15  483.46  4.86

Қаңғыбас иттер әйелді талап тастады. Оны видеоға түсірген адам көмекке бармаған

Әлеуметтік желіде қаңғыбас иттердің адамға шабуылдап жатқан видеосы пайда болды. Ал әйел 8 итке қарсы бір өзі қарсылық көрсетіп жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде қаңғыбас иттердің адамға шабуылдап жатқан видеосы пайда болды. Ал әйел 8 итке қарсы бір өзі қарсылық көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұралқы иттердің әйелге шабуылдап жатқан бейнежазбасы Facebook-те пайда болды. Онда 8 ит әйелді жан-жағынан қоршап, тартқылап жатыр.

Қорғансыз жан барынша қорғанып, олардан құтылудың амалын қарастыруда. Ал көмектесудің орнына бұл жағдайды қызық көріп, видеоға түсірген ер адамның әрекетін желі қолданушылары қатты сынап жатыр.

Олар: "Алла ақымаққа сана берсін", "Оңбаған, ең құрығанда айғайламай түсіріп тұрғанын қарашы", "Қатігездік! Адамдарда сезім деген дүние қалмаған секілді", "Ит атқыштар қайда?", "Есалаң, бүлк етпей түсіріп тұр ғой", - деп түрлі пікір қалдырған желі қолданушылары.

Видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені де, ит талаған әйелдің жағдайы да әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары