$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруға үлес қосқан қайраткерлер марапатталды (ФОТО)

Іс-шараға Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Ахметов қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы мен Алматы қаласы әкімінің атынан қаланың қоғам қайраткерлері марапатталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

"Сыбайлас жемқорлық - бұл күрделі әлеуметтік, саяси және экономикалық құбылыс, ол белгілі бір дәрежеде бәріне әсер етеді. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қана емес, қоғам қайраткерлері де онымен күресу үшін өз күштерін біріктіреді", - деп атап өтті Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған конференцияда Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Ахметов. 

Айтулы күн қарсаңында Алматыда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді қатысқан қоғам қайраткерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында спикерлер:

"Қоғам қайраткерлерінің рөлі өте маңызды, өйткені олар біздің қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, парасаттылық, адалдық және әділдік мәдениетін таратуға және қалыптастыруға өз үлестерін қосуда", - деп атап өтті.

Ерекше еңбегі мен белсенді қызметі үшін Агенттік Төрағасы және қала әкімі атынан Almaty TV телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова, бірқатар әлеуметтік роликтердің авторы, "Қазақфильм" АҚ президенті Ақан Сатаев, «Алматы - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айнұр Сабитова, жастарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосып жүрген "Sanaly Urpaq" республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқушев және басқа да қоғам өкілдері марапатталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары