Алматыдағы тұрғын үйдің 12-қабатынан секіріп, көз жұмған 17 жасар қыздың соңғы хаты делінген жазба табылды. Жазба WhatsApp мессенджері арқылы таралуда, деп хабарлайды Экспресс К.
Марқұм қыздың соңғы хаты сіңілісіне арналған. Ол әлсіздігі үшін кешірім сұраған шағын жазба қалдырыпты.
"Сәлем, сен менің ең сүйікті сіңлімсің. Әлемдегі ең керемет жансың. Мен сені қатты жақсы көремін. Әлсіздігім үшін кешір! Жоғарғы оқу орнына грантқа түсе алмаймын. Оған күшім жетпейді. Қатты ұялып жүрмін. Ата-анамның сенімін ақтай алмаймын ба деп уайымдаймын. Саған шексіз рақмет. Менің өмірімдегі ең керемет адамсың", — деп жазылған жазбада.
WhatsApp хабарламасының скриншоты
WhatsApp хабарламасының скриншоты
Бұл соңғы хаттың шынымен де 17 жасар қыздың жазғандығын оған жақын жандардың бірі растады. Ол сондай-ақ, артында үш сіңлісі қалғандығын айтты.
Ол өте биязы, иманды, тәрбиелі, мейірімді қыз еді. Сабағын жақсы оқыды. Биология, химия, ағылшын тілі пәндерін жақсы көретін. Сол күні сабаққа келді. Ондай мінезі байқалмады. Ешкіммен ұрыспады,
— дейді дереккөз.