04.12.2021, 11:45

Омикрон штаммы Қазақстанға бірнеше айдан кейін келеді - сарапшылар

Фото: stan.kz
Omicron Африкада анықталды және бір аптадан аз уақыт ішінде ондаған елдерге тарады.

Бір-екі айдан кейін Қазақстанға коронавирустың омикрон штаммы келуі мүмкін. Бірақ алдағы мерекелер жаңа штаммның таралуын тездетуі мүмкін дейді отандық эпидемиологтар, деп хабарлайды Stan.kz. 

Олардың айтуынша, COVID-19 африкалық нұсқасы бар бірде-бір науқас жансақтау бөліміне түскен жоқ.

Қазақстан үкіметі коронавирустың жаңа штаммының пайда болуына қатты алаңдап отыр. Omicron Африкада анықталды және бір аптадан аз уақыт ішінде ондаған елдерге тарады.

"Оңтүстік Африка АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша жетекші елдердің бірі болып табылады.  АИТВ жұқтырған науқастардың денесінде вирус өте оңай мутацияға ұшырайды. Ол тұмау сияқты тарайды деп үміттенеміз, біз оның таралуын бәсеңдетуге болатыны сөзсіз, бірақ толық таралуының алдын ала алмаймыз", -дейді иммунолог Рафаэль Розенсон.

Дегенмен, иммунология мамандары жағдайға барынша оптимисттік ұстаныммен қарау керектігін айтады. Өйткені Omicron штаммының салдарынан реанимацияда жатқан науқастар туралы деректер әлі жоқ.

Сарапшының болжамы бойынша, Жаңа штамм бір-екі айдан Қазақстанға келеді.  Ғалымдар жаңа штаммның 13 мутацияға ұшыраған Delta штаммынан айырмашылығы, үш есе дерлік жұқпалы болуы екенін айтады.  

Сондықтан бетперде киіп, екпе алу маңызды. 

Қазақстандық дәрігерлерді алаңдататын тағы бір маңызды жағдай бар, Қыс мезгілінде барлық вирустар қайта қозады.  Қыс мезгілі COVID-19 вирусының таралуы мен дамуына қолайлы болып саналады.  Оның үстіне, желтоқсан айы мерекелерге толы. Бұл халық арасында жұқтыру деңгейін арттыруы мүмкін.

"Қолданылып жатқан карантиндік шаралар сақталуы керек. Қандай штамм болмасын барлық шаралар сақталуы керек. Әсәресе мереке күндері бұған ерекше мән берген жөн", - дейді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жеткшісі Гүлмира Құлмағамбетова.