$ 494.87  520.65  4.91

Министр: Азық-түлік арзандамайды, керісінше, қымбаттауы мүмкін

Биыл елімізде азық-түлік бағасы 30 пайызға қымбаттаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда азық-түлік бағасы арзандамайды. Керісінше, қымбаттауы әбден мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрі осылай деп ағынан жарылды, деп хабарлайды nur.kz.

Оның сөзінше, биыл елімізде азық-түлік бағасы 30 пайызға қымбаттаған.

"Бірақ бұндай жағдай көрші мемлекеттерде де, тіпті тұтас әлемде болып жатыр. Сондықтан қазір бағаны бірқалыпты ұстап тұру мүмкін емес. Біздің қазіргі жалғыз мақсатымыз – азық-түлік құнынының күрт көтерілуіне жол бермеу. Мысалы, ет  бағасы  неліктен еселеп өсуі мүмкін? Біріншіден, барлығын шет ел сатып алса, екіншіден – оған деген сұраныс азайса", - деді Ербол Қарашөкеев. 

Сол себепті шенеуніктер ірі, ұсақ малды және картоп пен сәбізді шекардан шығаруға тыйым салып отыр. Биыл шаруалар былтырмен салыстырғанда 100 мың тонна картопты кем жинапты. Бірақ көкөніс экспортын шектеудің  жалғыз себебі бұл емес. Өйткені еккені өнбей, Қазақстан шаруалары ғана шығынға ұшырамаған. Көршілес Ресейде де картоп өткен жылға қарағанда 8 пайызға аз түсіпті. 

"Былтыр көктемде картоп бағасының 800 теңгеге шейін шарықтап кеткені естеріңізде шығар. Биылға қарағанда 100 мың тоннаны артық жинадық. Бірақ картоп құнының өсуіне екі жағдай әсер етті. Бірі – Өзбекстанда құрғақшылық болып өнім шықпай қалды. Сондықтан олар жаппай бізден сатып ала бастады. Және көктемде сырттан картоп әкелінбеді. Биыл да сондай жағдай қайталанбас үшін экспортқа уақытша шектеу қойып отырмыз", - деді Ербол Қарашөкеев. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары