$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда полиция ғимаратынан шыққан жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Қазір әлеуметтік желіде жігіттің суреті мен ол туралы мәлімет таратылуда.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Атырауда 21 жастағы жігіт қалалық полиция басқармасы ғимаратынан шыққан соң жоғалып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 30 қарашада болған. Сол күні жас жігітті полиция қызметкерлері жауап алуға шақырған. Алайда оның қылмыстық іс бойынша куәгер немесе жауапталушы ретінде өткені белгісіз.

Басылымның жазуынша, дәлізде біраз отырған жігіт сыртқа шығып кеткен. Содан соң байланыс болмаған. Анасының айтуынша, ол соңғы рет 30 қараша күні кешкі сағат 19.00 шамасында сөйлескен соң, артынша телефоны өшіп қалған.

Қазір әлеуметтік желіде жоғалған жігіттің суреті мен ол туралы мәлімет таратылуда. Полиция қызметкерлері жоғалған азаматты іздестіріп жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары