$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында болмаған спорттық іс-шараларға 70 млн теңге жұмсалған

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері сотталды.

Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Vera.kz порталына сілтеме жасай отырып.

Белгілі болғандай, сот отырысында төрт адам отырған. Олардың бәріне аса ірі көлемде ақша жымқыру үшін қызмет бабын пайдалана отырып қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті деген айып тағылды.

«Тергеу барысында анықталғандай, 2019 жылы облыста іс-шаралар, атап айтқанда, түрлі жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарының жоспары бекітілген. Әлбетте, қағаз жүзінде іс-шаралар қаржыландырылды дегенмен, іс жүзінде қаражат ол шаралар өткізілмеген күйі «игерілген». Жаттықтырушылар қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, бір бөлігін мамандандырылған бөлім қызметкерлеріне аударып отырған.

Осылайша, мемлекетке 70 миллион теңге шығын келген», - делінген хабарламада.

Сот іс бойынша екі айыпталушыны аса ірі көлемде ақша жымқырды деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Үшінші сотталушы екі жыл бас бостандығынан айырылды. Топтың сыбайласына алты айға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары