05.12.2021, 12:29

Ақтауда қонақүй дәлізінде дәретке отырған бойжеткенге айыппұл салынды

Оның кәмелет жасқа толмаған баласы бар екені белгілі болды.

Ақтау қонақүйлерінің біріндегі лифт жанындағы дәрет сындырған бойжеткенге қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Lada.kz сайтының жазуынша, полицейлер аталған деректің Ақтау қонақүйінде болғанын және бейнебақылау камерасындағы жазбаларды зерттеу арқылы оның кім екенін анықтады. Келіншектің 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баласы бар екені белгілі болды.

Бойжеткенге қатысты «Қоғамдық орындарды ластау» бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалып, бес айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, полицияның хабарлауынша, оған қатысты «Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық» бабы бойынша екінші іс қозғалды. Яғни, ол 15 тәулікке дейін қамауға алынуы тиіс еді.

Алайда бойжеткеннің үстінен қозғалған іс қайта қаралып, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баласы бар екені ескеріліп, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Еске салайық, Ақтау тұрғыны лифт күтпестен, дәлізде тұрған қалпы дәретке отырған.

Тегтер: айыппұл