Жаңалықтар 05.12.2021 сағат 22:28

«Титаник» фильміндегі көріністі қайталаған ата мен әже көпті тәнті етті (видео)

Ата мен әжей бұл көріністі Түркия елінде түсірген. Видеодан егде жастағы адамдардың кеме басында құшақтасып тұрғанын көруге болады.
«Титаник» фильміндегі көріністі қайталаған ата мен әже көпті тәнті етті (видео)
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлемге әйгілі "Титаник" фильміндегі басты кейіпкерлер Роуз пен Джектің әрекетін қайталаған қариялар көпті сүйсіндірді. Олар кеме басына шығып, құшақтасады, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желілерде қариялардың әрекеті көптің қызу талқысына түсті. Желі қолданушыларының жазуынша, видеодағы қариялар қырғыз ұлтының өкілдері.

"Бәрімізге осындай бақ нәсіп қылсын", "Осы үлкендердің махаббатына таң қаламын. Бізге де осылай жүру бұйырсыншы", "Ата мен әже хит", "Ата "Титаниктің" фанаты болғаны көрініп тұр" деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Ата мен әжей бұл көріністі Түркия елінде түсірген. Видеодан егде жастағы адамдардың кеме басында құшақтасып тұрғанын көруге болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар