$ 448.15  483.46  4.86

ДСҰ: Omicron штаммынан қаза тапқандар әзірге жоқ

Коронавирустың жаңа нұсқасы бүгінге дейін әлемнің 38 елінде анықталған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сенбі күні Omicron штаммынан қайтыс болғандар туралы мәліметтің жоқ екенін мәлімдеді. Коронавирустың жаңа нұсқасы бүгінге дейін әлемнің 38 елінде анықталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Францияның Страсбург секілді бірқатар ірі қалаларындағы ауруханаларда орынның тапшылығы сезіле бастады. Соңғы тәулікте республикада вирус жұқтырғандар саны 50 мыңға жетті, деп мәлімдейді Еuronews агенттігі.

Көрші Германияда сәрсенбі күні парламентте дауыс беруден кейін билікке келуі тиіс жаңа үкімет міндетті екпелерді енгізуге дайындалып жатыр.

Канцлердің міндетін атқарушы Ангела Меркель халыққа үндеу жолдады.

Біз пандемияның төртінші толқынына тап болдық. Аймақтарда өте ауыр жағдайдың тіркелгенін жоққа шығармаймыз. Қажетті күтімді алу үшін бүкіл Германия арқылы ұшып өтуге мәжбүр болған ауыр науқастар мен ауру толы реанимациялық бөлімшелер бар, - деді Меркель ханым.

Италия астанасында адамдар көп жиналатын көшелерде бетперде кию міндеттелді. Римнің жаңа мэрінің жарлығы 31 желтоқсанға дейін қатаң сақталуы тиіс. Шектеуге жататын аймақтарға туристік орындар кіреді.

Австрия астанасында сенбі күні шектеу шараларына қарсы жаппай наразылық болды. Демонстрация өткізуге 27 өтініш келіп түскен. Муниципалдық билік мыңнан астам полицейді көшелерге алып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары