$ 494.87  520.65  4.91

Қаржыгер зейнетақы жинағынан алуға болатын қаражаттың жеткілікті деңгейі неге өскенін ашып айтты

Қаржыгер бұл құбылыстың жылжымайтын мүлік бағасына қалай әсер ететінін де айта кетті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жеке қаржыны басқару бойынша маман Өркен Дінасылов зейнетақы қорынан алуға болатын қаражаттың жеткілікті деңгейінің жоғарылауы туралы даулы шешімге қатысты пікір білдірді. Маманның сөзінше, бұл жаңалық қазақстандықтардың қаржылық сауаты қандай екенін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Инвестиция жасау бойынша маманданған қаржыгер қорда жинаған ақшасын алып үлгермей қалған халықтың қынжылысы туралы ойын айтты. Өркен Дінасылов экономикадағы ақшаның көбеюі неге әкеп соғатынын түсіндірді.

"Экономика - бұл ақшамен қарым-қатынас. Экономикада ақша санаулы болуы керек. Егер қаражат қажетті мөлшерден көбейіп кетсе, инфляция өседі, ол бағалардың жоғарылауына себеп болады. Ал экономикада ақша аз болса, дефляция өсіп, бағалар төмен түседі. Мемлекеттің экономикасы - бұл ең бірінші оның міндеттемелері. Олар әртүрлі - қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып келеді.

Қысқа мерзімді міндеттемесіне қолма-қол ақша жатады. Мемлекет осы міндеттемесі арқылы өз қажетіңізді өтей алуыңызға кепілдік береді. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер де - ақша, бірақ ол болашақтың ақшасы. Ол қазіргі экономикаға араласпауы тиіс. Сол үшін олар жоғары бағаланады. Мемлекет бұл міндеттемелер бойынша тәуекелге барған адамға премия береді. Басқаша айтқанда, мемлекет болашақтан қарыз ақша алып, қазіргі міндеттемесін жабады. Бұл қалыпты үрдіс, мемлекет осылайша ақша табады. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 30 трлн.доллар. Алайда біздің шенеуніктер өздері үшін ақша табуда, сондықтан қарызды тек зейнеткерлер мен ұлттық қордан ала алады, басқасы бермейді.

Зейнетақы жинағы - өте ұзын саннан құралған ақша. Олар мемлекеттік құнды қағаздар нарығында да болып көрген. Мемлекет болашақ зейнеткерлерден қарыз алып үлгерген. Экономикада бұлай болмауы керек еді.

Жоғарыда айтқанымдай, мемлекеттің 2 трлн. теңге міндеттемесі инфляцияны өсіріп жіберді, олар экономикаға құрылыс секторы арқылы енді. Осылайша жылжымайтын мүлік, құрылыс материалдарына деген баға, ары қарай тауарлар мен қызмет түрлері, азық-түлік бағасы өсті. Жоғары инфляция БЖЗҚ-да қалған жинақты құлдыратып жіберді. Онда қазақстандықтардың 94 пайызының ақшасы жатыр.

Одан кейін жоғары инфляция еліміздегі ең төменгі айлық мөлшерін қайта қарауға мәжбүр етті. Бұрын 42500 теңге болса, ендігіде ол 60000 теңгені құрайды. Сондай-ақ зейнетақының ең төменгі мөлшері де төменгі айлыққа тәуелді. Сондықтан БЖЗҚ қалыптасқан жағдайларға байланысты төменгі зейнетақыны төлеу мақсатында жеткілікті жинақ сомасын қайта қарастырды. Жинақтан шешуге болатын жеткіліктілік деңгейінің жаңа мөлшері осыдан шығып отыр. Бұл бір-бірімен байланысты себептерден туған салдар.

Бұдан соң тарифтер де өседі", - дейді Өркен Дінасылов.

Қаржыгер бұл құбылыстың жылжымайтын мүлік бағасына қалай әсер ететінін де айта кетті.

"Мен болжам жасауды ұнатпаймын, бірақ Қазақстанда қазірдің өзінде бағалар өте жоғары, бұдан әрі осылай жалғаса бермейді. Неліктен ары қарай бағаның (жылжымайтын мүлікке қатысты) өсу ықтималдығы төмен?

Біріншіден, БЖЗҚ-дан келетін ақша ағыны азаяды, екіншіден, бәрібір орташа баға қайтып оралады, доллар курсы өсіп, жылжымайтын мүлік бағасының өсімін тоқтауы мүмкін (ықтималы жоғары) немесе нарық бағаны өзі реттейді, сұраныс пен ұсынысқа төлем қабілеті төмендеп, бос кеңістік жарылады", - дейді маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары