$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы: -30 градус аяз келе жатыр

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары, қыстың жақындап қалғанын сезінетін болады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары, қыстың жақындап қалғанын сезінетін болады.

Жылы Оңтүстік циклонын алмастыру үшін, Атлант аймағынан суық антициклон қозғалуда. Суық ауа массаларымен қоректенетін ол жауын-шашынның тоқтап қалуына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі. 

7-8 желтоқсанда түнгі уақытта еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр 22-30 аязды көрсететін болады.

Ал республиканың оңтүстік өңірлері Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен айтарлықтай салқын болмайды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары