$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысының «ҚТЖ – Жүк тасымалы» филиалының басшысы 800 мың теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептерді оң қарағаны үшін ақшалай қаражат алған.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлескен жедел іс-шаралар аясында «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының басшысын ұстады деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ЖШС «ҚТЖ – Жүк тасымалы» филиалының басшысы 800 мың теңге көлемінде пара алғаны әшкереледі. Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептерді оң қарағаны және одан әрі қамқорлығы үшін ақшалай қаражат алған. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Тергеу жалғасуда», - делінген агенттік таратқан ақпаратта.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары