Теміртау қаласындағы жер үйлердің бірінен өрт шығып, егде жастағы ерлі-зайыптылар өртеніп кеткен.
Оқыс оқиға демалыс күндері орын алыпты. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өртсөндірушілер 1952 жылы туған ер адам 1956 жылы туған әйелдің мәйітін тапты.
Олар өртенген үйдің иелері екен. Алдын ала болжам бойынша, өрт отты дұрыс қолданбау салдарынан тұтанған.