$ 448.15  483.46  4.86

«Я вам не пешка»: Ұлттық кітапхана басшысы қызметкерін жұлқыды

Бұл туралы Продюсер Серік Абас-шах Facebook парақшасында жариялады.

Әлеуметтік желіде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаеваның кітапхана қызметкеріне зекіп сөйлеп, жұлқығаны көрсетілген видео тарады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Продюсер Серік Абас-шах Facebook парақшасында жариялады.

«АУЫЛ ШОПЫРЫНЫҢ СҰРАҒЫ:
Қарамағындағы қызметкерді жұрттың көзінше жұлқылап (сілкілеп) қорлап жатқан басшыбике(сымақ) кім деп ойлайсыз?

ЖАУАП НҰСҚАЛАРЫ:
1. Шыңжаңдағы “қайта тәрбиелеу" лагерінің орыс тілді “надзирательі”
2. Бас қала маңындағы “колония-поселение-нің” әпербақан басшысы,
3. Мемлекеттік мекеменің психикалық ауытқушылығы анықталмаған директоры,
4. “Суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын”, антикордан қорықпайтын апашка,
5. Арыстанбек Мұхамедиұлымен арадағы (сыйластық) жақындықты асыра пайдаланатын жұлқыма мінез(ді) атқамінербике,
6. Мырзатай Жолдасбеков сияқты жағымпаз емес аташка мен Ермек Аманшаев секілді атқамінер ағашкалардың “рухани” қолдауын пайдаланып, өзі басқаратын мекемеде “білген ботқасын жеп жүрген” директорсымақ,
7. Ұлттық академиялық кітапханасының зейнетке шыққысы келмейтін басшысы Үмітхан Мұналбаева,
8. …сіздің нұсқаңыз?», - деп жазды ол.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары